О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2004 года № 513 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Республикалық бюджеттен қаражат алатын бiлiм беру ұйымдарында кәсіптiк орта бiлiмдi, кәсіптiк жоғары бiлiмдi және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік бiлiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттік бiлiм беру тапсырыстарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы № 513 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 20, 261-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсіптік бiлiмдi мамандар даярлауға 2004/2005 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысында: "Докторантураға қабылдау" деген бөлiмнің "Мемлекеттiк тапсырыс" деген бағанында: "07.00.00" шифрда "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын; "16.00.00" шифрда "5" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын; "19.00.00" шифрда "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын; "Аспирантураға қабылдау" деген бөлiмнің 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын: 76 20 77 7 87 6 233 74 56 15 41 24 70 105 20 10 85 37 47 30 88 48 60 3 17 2 7 2 12 15 4 7 6 7 5 44 20
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.