О внесении изменений в постановление акимата Сарыкольского района от 7 апреля 2005 года № 125 «Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, возмещению затрат по медицинскому освидетельствованию и на проезд к месту обучения в пределах региона» Қолданыста
Басқа 0
«Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 125 қаулысына өзгерісгер енгізу туралы
Халықты жұмыспен камту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және жұмыссыздарды қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріне, «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 125 қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-1 2005 жылғы 27 сәуірдегі, сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 125 қаулысына өзгерістер енгізілсін:
атауына «куәландыруға» деген сөзден кейін «тұруына, тамақтануына...» деген создер енгізілсін;
бірінші тармағына «куәландыруға» деген сөзден кейін «тұруына, тамақтануына шығындарды өтеу...» деген сөздері енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқауда»:
атауына «куәландыруға» деген сөзден кейін «тұруына, тамақтануына...» деген сөздері енгізілсін;
2-тармағының бірінші абзацына «куәландыруға» деген сөзден кейін «тұруына, тамақтануына...» деген сездері енгізілсін;
10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) медициналық куәландыруға - Нұсқаудың 6-тармағының
7) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған тексерудің толық бағасы;
2) аймақ (облыстың, ауданның) шегінде оқу орнына баратын жолға - Нұсқаудың 6-тармағындағы 6) тармақшасында көрсетілген құжаттармен расталған жол жүрудің толык бағасы;
3) тамақтануға - айына екі айлық есептік көрсеткіш;
4) кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген басқа қалалық жұмыссыздарға тұруға айына бір айлық есептік көрсеткіштің сомасында шығын өтеледі.
Тармақ 3
3. Берілген қаулы 2005 жылғы 1 наурыздан іске қосылады.