О внесении изменений в постановление акимата Сарыкольского района от 7 апреля 2005 года № 126 «Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі № 126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Халықтың нысаналы топтары ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Сарыкөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 7 сәуірдегі №126 қаулысына 2005 жылғы 27 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-2 мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2-тармақтың күші жойылды деп есептелсін. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқауда: 1) 2-тармақтың 1) тармақшасында «жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша ұсынылатын» деген сөздер «жұмыс берушінің жергілікті атқарушы органмен келісімі негізінде құрылатын» деген сөздерімен ауыстырылсын; 2) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Жастар практикасы бұл - әлеуметтік жұмыс орнына бастауыш, орта және жоғарғы кәсіби білім берудің дайындық курсын бітірушілерін олардың практикалық тәжірибеге, білімге, дағдыларға ие болу мақсатында және мамандығы бойынша жұмыс өтілі жоқтарды жұмысқа орналастыру»; 3) 5-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілермен уақытша жұмыс орындарына жұмыссыздарды алу жолымен еңбек ақысын өз қаражаты есебінен және төлемінің бір бөлігі жергілікті бюджеттің қаражатынан төлеу арқылы беріледі немесе құрылады»; 4) 7-тармак мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеуге арналған бюджеттік қаражатты әсерлі пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданының әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссиясы жазбаша арыз негізінде халыктың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді»; 5) 8-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсететін екі жақтың міндеттері, жұмыс көлемі, түрі және еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілген келісімнің шарттары бойынша іске асырылады»; 6) 10-тармақтағы «саны және күрделігіне» деген сөздер «түрі және көлеміне» сөздермен ауыстырылсын; 7) 11-тармақтағы «төрт ай уақытына» деген сөздер «алты айдан аспайтын уақытка» деген сөздермен ауыстырылсын.