О внесении изменения в постановление акимата от 7 ноября 2005 года № 298 «Об утверждении Правил проведения проверок соблюдения лицензионного законодательства и оформления их результатов» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 298 «Лицензиялық заңдарын сақтау бойынша тексерулер жүргізу және олардың қорытындыларын ресімдеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 15-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті және алкогольді өнімдерді өндіру (сырадан басқа), алкогольді өнімдердің бөлшек саудасын (сырадан басқа) лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 572 «Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, мемлекеттік органдардың қайта құрылуына және олардың арасында функциялар бөлінуіне байланысты әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 298 «Лицензиялық заңдарын сақтау бойынша тексерулер жүргізу және олардың қорытындыларын ресімдеу Қағидаларын бекіту туралы» (Денисов ауданының әділет басқармасында 2005 жылғы 14 қарашада № 9-8-20 болып тіркелген, аудандық «Наше время» газетінін 2005 жылғы 10 желтоксандағы № 50 санында жарияланған) қаулысына өзгерістер енгізілсін:
қаулының қосымшасында «Денисов ауданының экономика және қаржы бөлімі» деген сөз «Денисов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» деген сөзге ауыстырылсын.