О внесении изменений в постановление акимата от 7 октября 2005 года № 336 "Об установлении охранной зоны вокруг государственного учреждения "Наурзумский государственный природный заповедник" Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің айналасында күзету аймағын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 336 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, 2005 жылғы 4 қарашада "Қостанай таңы" газетінде, 2005 жылғы 5 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағын белгілеу туралы";
кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жалпы ауданы 116726,5 гектар (оның ішінде Науырзым ауданында 80835 гектар және Әулиекөл ауданында 35891,5 гектар) жер телімінде Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы аумағының айналасында күзету аймағы белгіленсін.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Күзету аймағының аумағында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-бабымен белгіленген мемлекеттік табиғи қорықтардың аймақтарын күзету тәртібін сақтау қажет.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Н.М. Садуақасовқа жүктелсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы
комитетінің Қостанай облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ М. Бегімбеков
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы
комитетінің "Науырзым
мемлекеттік табиғи қорығы"
мемлекеттік мекемесінің директоры
_____________________ Б. Мұттақов
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
ММ бастығы
_________________ Қ. Төлеубаев