О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года N 645 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: 26-тармақта: 1) тармақшадағы "және суару машиналарын" деген сөздерден кейін ", жылыжайларды" деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақшадағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын; 29-тармақтың 2) тармақшасы "кооперативтеріне" деген сөзден кейін "шаруа серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерге" деген сөздермен толықтырылсын; 32-тармақта: бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "кооперативтеріне", "кооперативтерін" деген сөздерден кейін тиісінше "шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтеріне", "шаруа серіктестіктерін, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша алынып тасталсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) кепілдік қамтамасыз ету;"; мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: "6) негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау болып табылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.