О внесении изменений в постановление от 7 декабря 2006 года № 1768 "Об организации оплачиваемых общественных работ на 2007 год" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1768 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы азаматтық істері жөніндегі алқаның 2007 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысын орындауда, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің «2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жүмыстарды ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1768 қаулысына (5-19-44 мемлекеттік тіркеу нөмірімен 2007 жылғы 10 қаңтарда «ЛЗ-сегодня» газетінде жариялаған, 2007 жылғы 1 ақпандағы «2006 жылғы 7 желтоқсандағы «2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 1768 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» № 1826 қаулысымен енгізілген толықтырулармен жарияланған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-19-48, 2007 жылғы 16 ақпанда «Уба-Информ» газетінің № 7 жарияланган; «2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1768 қаулыға толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 наурыздағы № 1908 қаулымен мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-19-51, 2007 жылғы 13 сәуірде «Уба-Информ» газетінің № 15 жарияланган; «2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы» 2006 жылдың 7 желтоқсанындағы № 1768 қаулыға толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 3 мамырдагы № 1983 қаулымен мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-19-54, 2007 жылғы 18 мамырда «Уба-Информ» газетінің № 20 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұнда 4 тармақпен толықтырылсын: «4. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қаңтардан енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.