О внесении дополнений в постановление акимата Экибастуза от 7 сентября 2006 года № 704/9 «О социальных выплатах молодым специалистам, прибывшим для работы в учреждения образования и здравоохранения Экибастузского региона в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылы 7 қыркүйектегі "2006 жылы Екібастұз аймағының білім және денсаулық сақтау мекемелеріне жұмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік
төлемдер төлеу туралы" № 704/9 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2006 жылғы 21 шілдедегі Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVIII сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған XXII сессия) "Екібастұз қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы" № 375/28 шешіміне сәйкес өңірдің білім және денсаулық сақтау мекемелеріне жүмыс істеу үшін келген жас мамандарға қолдау көрсету және оларға тең дәрежелі жағдай жасау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі "2006 жылы Екібастұз оңірінің білім және денсаулық сақтау мекемелеріне жүмыс істеу үшін келген жас мамандарға әлеуметтік толемдер толеу туралы" (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 12-3-74 болып тіркелген, 2006 жылдың 21 қыркүйегінде № 38 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған), № 740/9 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесі толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 1 тармағы "жоғары" созінен кейін "және орта" создерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. 0сы қаулы алғаш рет ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.