О внесении изменений в постановление акимата от 7 марта 2006 года № 77 "Об утверждении государственного образовательного заказа на 2006 - 2007 учебный год на подготовку специалистов с начальным профессиональным и средним профессиональным образованием" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы № 77 "Бастауыш кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған 2006-2007 оқу жылының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекiту туралы" қаулысыны өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 7 наурыздағы № 77 "Бастауыш кәсiптiк және орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған 2006-2007 оқу жылының мемлекеттiк бiлiм тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3543, 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 41 "Қостанай таңы", 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 50 "Костанайские новости"). 2-қосымшадағы: 13-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақтағы "50" сандары "75" сандарына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысының бiлiм беру департаментi (Шек Г.Г.) орта кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм тапсырысын тиісті оқу орындарында белгіленген тәртiппен орналастырсын.