О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 «Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларында және олардың мөлшерлерінде: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Мемлекеттік стипендия төлеу шеңберінде оператордың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылы «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары «Жоғары білімнің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесі арқылы ағымдағы айдың 12-ші күнінен кешіктірмей операторға мәлімет береді, онда өздерінде оқып жатқан алушылар туралы, олардың аралық аттестаттау нәтижелері (емтихан сессиясы), осы Қағидаларға сәйкес алушылардың санаттары, сондай-ақ алушылардың таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банкте не Ұлттық пошта операторында ашылған олардың ағымдағы шоттарының деректемелері туралы дұрыс деректер қамтылады. Егер 12-ші күн жұмыс істемейтін күнге келетін болса, одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі. Оператор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынған мәліметтерді қарайды және қаржыландыруға өтінімдерді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға, тиісті саланың өзге де уәкілетті органдарына мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді. Ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, тиісті саланың өзге де уәкілетті органдары алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін оператордан қаржыландыруға өтінімдерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік стипендия төлеу үшін операторға қаражат аударуды жүзеге асырады.»; 19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19-1. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесіндегі алушылар жөніндегі деректердің анықтығын және дұрыстығын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қамтамасыз етеді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының дұрыс мәлімет бермеуіне байланысты мемлекеттік стипендия алушылардың есебіне қате жатқызылған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қате есепке жатқызылған мемлекеттік стипендия сомаларын алушылардың операторға қайтаруын қамтамасыз етеді. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық жүйесінің іркіліссіз жұмыс істеуін және ондағы алушылар жөніндегі деректердің сақталуын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Операторға мемлекеттік стипендия төлеу үшін қаражаттың уақтылы аударылуын ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган, тиісті саладағы өзге де уәкілетті органдар қамтамасыз етеді. Алушылардың ағымдағы шоттарына мемлекеттік стипендия сомаларының уақтылы аударылуын және мемлекеттік стипендия төлеу бойынша есеп-қисаптарды жүзеге асыруды оператор қамтамасыз етеді.»; көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаға орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.