О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы»;
Тармақ 1
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың мөлшерлерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібіне қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) тағайындалады және төленеді.
Тармақ 2. 2. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі
2. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, интерндерге және магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға және интерндерге мемлекеттік стипендия алдағы семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.
Тармақ 7
7. Жазғы емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) қосылып төленеді.
Тармақ 8
8. Сынақтар мен емтихандарды білім беру ұйымдары белгілеген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге және магистранттарға білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін білім беру ұйымының басшылығы сынақтар мен емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгілейді, содан кейін оларға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Тармақ 9
9. Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.
Тармақ 10
10. Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
Тармақ 11
11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленеді.
Тармақ 12
12. Медициналық қорытындының негізінде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді. Академиялық демалыстан келген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді. Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.
Тармақ 13
13. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді. Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақты ұсынған жағдайда академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді. Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
Тармақ 14
14. Стипендиялар білім алушылар үлгерiмін бақылау жүктелген бөлiмше бастығының қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде білім беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 15
15. Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Төлем карточкасын жасау немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды ашу кезеңінде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың пункттері және төлем карточкаларына қызмет көрсететін құрылғылар болмаған жағдайда стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендиялардың мөлшерi
3. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін мемлекеттiк стипендиялардың мөлшерi
Тармақ 17
17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
Тармақша 1
1) жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге;
Тармақша 2
2) интерндерге – 27596 (жиырма жеті мың бес жүз тоқсан алты) теңге;
Тармақша 3
3) магистранттарға – 38931 (отыз сегіз мың тоғыз жүз отыз бір) теңге;
Тармақша 4
4) докторанттарға – 59635 (елу тоғыз мың алты жүз отыз бес) теңге мөлшерінде белгіленеді;
Тармақша 5
5) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 44772 (қырық төрт мың жеті жүз жетпіс екі) теңге.
Тармақ 18
18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.
Тармақ 19
19. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.
Тармақ 20
20. Көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттар ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқықтары бар. Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия жоғары білім беретін білім беру ұйымдары студенттерінің және магистранттарының мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы деңгейінде белгіленеді.
Тармақ 22
22. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісінше докторанттардың, резидентура тыңдаушыларының, студенттердің, интерндердің, магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік стипендиялар:
Тармақша 1
1) шығарылу себебіне қарамастан, білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
Тармақша 2
2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 3
3) оқуды бітіргеннен кейін оқуды бітіргені туралы бұйрық шыққан күнінен бастап төленбейді.
Тармақ 24. Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшер
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген жағдайлар бойынша мемлекеттік стипендиялар төлеуді тоқтату білім беру ұйымдары басшыларының тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне қосымша Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшер П/с№ Сти­пен­ди­ат­тар тіз­бе­сі Пай­ыз­ға шақ­қан­да­ғы кө­те­ру мөл­ше­рі 1 Жо­ға­ры бі­лім, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (учи­ли­ще­лер, кол­ле­дж­дер), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім ала­тын кө­зі на­шар кө­ре­тін мү­ге­дек­тер мен құ­ла­ғы ке­міс мү­ге­дек­тер­ге; 75 2 «Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­терiне және со­лар­ға те­ңе­стiрiл­ген адам­дар­ға берiлетiн жеңiл­дiк­тер мен олар­ды әле­умет­тік қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ныңЗа­ңы­на сәй­кес же­ңіл­дік­тер мен ке­піл­дік­тер бой­ын­ша со­ғыс мү­ге­дек­те­ріне те­ңе­сті­рі­л­ген жо­ға­ры бі­лім, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (учи­ли­ще­лер, кол­ле­дж­дер), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім ала­тын сту­дент­тер­ге; 50 3 Же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­ла­ры­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған және аза­мат­тар­дың қор­ған­шы­лы­ғын­да­ғы (қам­қор­лы­ғын­да­ғы) ба­ла­лар қа­та­ры­нан шық­қан жо­ға­ры бі­лім, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (учи­ли­ще­лер, кол­ле­дж­дер), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім ала­тын сту­дент­тер­ге; 30 4 Жо­ға­ры бі­лім, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (учи­ли­ще­лер, кол­ле­дж­дер), ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім ала­тын, ем­ти­хан сес­си­я­сы­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша тек «өте жақ­сы» де­ген ба­ға­ла­ры бар сту­дент­тер­ге, ма­ги­странт­тар­ға (мем­ле­кет­тік ата­у­лы сти­пен­дия мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің сти­пен­ди­я­сын ала­тын сту­дент­тер­ден бас­қа). 15 Ескертпе: Қосымшада көзделген ұлғайту мемлекеттік стипендияның белгіленген мөлшеріне қарай (басқа ұлғайтуларды ескермей) жүргізіледі.