О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2009 года № 1314 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1314 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 1314 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыпта "және дизель отынын" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталып, екінші абзац "әкетуге тыйым салынсын" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге салынған тыйымның алынғаны туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.