О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 444 "Об утверждении учетной политики" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 «Есеп саясатын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 263 (26324) жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есеп саясатында: 13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8913 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады. 14-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жарты жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады.»; 16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және осы есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.»; 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «32. Теңгерімнен қорларды есептен шығару таңдау бойынша мынадай: 1) ерекшелікті сәйкестендіру; 2) орташа өлшем құны әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын: «79-1. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі» бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.»; 80-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаментіне (З.А. Ерназарова) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.