О внесении изменении в постановление акимата от 7 апреля 2010 года № 94 "Об организации, объемах, видах и условиях общественных работ на 2010 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 94 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері, түрлері және жағдайлары туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)–тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 94 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері, түрлері және жағдайлары туралы" (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 9-5-104 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 сәуірінде "Таза бұлақ-Чистый родник" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері, қоғамдық жұмыстар үшін жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI: "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы ________________ Э. Құсайынова "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы ________________ Е. Нұрғалиев "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры _____________ Қ. Торғаев
Басқа 4
Әкімдіктің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 125 қаулысына қосымша Әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 94 қаулысымен бекітілген 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері, қоғамдық жұмыстар үшін жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі Ұйымның атауы Жұмыстар мен қызметтер түрлерi Орындалған жұмыстар мен қызметтер көлемiнiң нақты көрсеткiштерi "Көмек-Алтын" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Қызметкердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін елдiмекендер пунктерiн жинауға, қоршауларды сырлау және жөндеуге көмектесу:
Тармақша 1
1) барлық селолар аумағын күн сайын жинау, қоқыстарды, тастарды жинау, шөптердi жұлу, сыпыру, көлiк және оның тiркемесi тұрған жерлерге тасымалдағышпен қоқыстарды апарып төгу;
Тармақша 2
2) көлік құралдарына қоқыстар мен көңдерді арту және шығару;
Тармақша 3
3) аумақты арамшөптерден жинау;
Тармақша 4
4)көлік құралдарына арамшөптердi арту және шығару;
Тармақша 5
5) Красный Кордон, Свердловка, Приозерное, Щербаково, Танабай, Докучаево, Лермонтово, Ново-Алексеевка, Силантьевка, Первомай, Большая Чураковка селоларындағы зираттық жерлердегі қоқыстар мен арамшөптерден аумақтарды тазалау;
Тармақша 6
6) Красный Кордон, Докучаево, Силантьевка селоларындағы зираттық жерлердiң қоршауларын жөндеуге көмек көрсету;
Тармақша 7
7) Танабай, Докучаево, Красный Кордон, Ново-Алексеевка, Первомай, Большая Чураковка, Щербаково селоларындағы зираттардың қоршауларын сырлауға көмек көрсету;
Тармақша 8
8) Танабай, Щербаково, Свердловка, Силантьевка, Обаған селоларында жол маңдарында және саябақтарда шөптерді шабу. 2.Қызметкердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін, елдімекен тіректерін көгалдандыру және көрiктендiруге көмек көрсету:
Тармақша 1
1) барлық селоларда топырақты жырту, жер тастарын жару, әлеуметтiк-мәдени тағайындаудағы объектiлер маңындағы жерлердi тырнауышпен түзеу;
Тармақша 2
2) Обаған, Силантьевка, Большая Чураковка, Приозерное селоларында ағаштардағы кепкен бұтақтарды кесу және оларды жинау;
Тармақша 3
3) ағаштар мен бұталарды отырғызуға топырақты дайындау: тазарту, жер қазу, көшеттерді отырғызу, жердi дұрыстау, барлық селоларда күнделiктi күтiм және көшеттердi суару;
Тармақша 4
4) барлық селолардағы жиектегi тастарды шөптерден, қоқыстардан тазарту, жиектердi, шарбақтардың сыртқы және iшкi жағынан ақтау үшiн ақбалшық ерiтiндiсiн дайындау;
Тармақша 5
5) Свердловка, Докучаево, Силантьевка, Красный Кордон, Большая Чураковка, Приозерное селоларындағы қисайған көше қоршауларын жөндеу, бағандарға шұңқырлар қазу, ескі қоршауларды алып тастау, жаңа қоршауларды (шарбақтарды) орнату;
Тармақша 6
6) Докучаево, Красный Кордон, Щербаково, Свердловка, Силантьевка, Приозерное селоларындағы қоршауларды сырлауға көмек көрсету;
Тармақша 7
7) Докучаево, Лермонтово, Красный Кордон, Свердловка, Силантьевка, Приозерное, Первомай, Большая Чураковка, Щербаково,Обаған селоларында ағаштарды, бағандарды ақтау;
Тармақша 8
8) Барлық селоларда гүлзарларын бөлу, жерді дайындау және гүлдерді отырғызу (маусым ішінде);
Тармақша 9
9) ескерткіштерді, обелисктерді ақтау, сырлау: барлық селолық округтердің аумақтарындағы ескерткіштердің, обелисктердің маңын жинастыру;
Тармақша 10
10) ақбалшық ертіндісін әзірлеу, автобус аялдамаларын ақтау, ішінара сырлау. 3. Қызметкердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін, селолық округтер аумақтарынан өтетiн су құбырларының желiлерiн жөндеу:
Тармақша 1
1) Силантьевка, Первомай, Приозерное,Обаған селоларында колонкалардың, су құбырларының маңындағы аумақтарды қоқыстардан, шөптерден тазарту;
Тармақша 2
2) Танабай, Докучаево, Красный Кордон, Ново-Алексеевка, Большая Чураковка, Силантьевка селоларындағы шахталық құдықтарды тазарту, суды шелекпен төгу, селолардағы құдықтардың қоршауларын және құдық кесінділерін жөндеуге көмек көрсету;
Тармақша 3
3) колонка, құдықтар маңына топырақ төгу және нығыздау;
Тармақша 4
4) ағаш қоршауларды орнату (шарбақ, тақтай) 2610000 шаршы метр 223 тонна 31900 шаршы метр 29 тонна 61600 шаршы метр 2450 қума метр 5754 шаршы метр 18600 шаршы метр 5730 шаршы метр 4 тонна 2370 дана 15410 қума метр 7150 шаршы метр 7650 шаршы метр 5949 шаршы метр 77 дана 8200 шаршы метр 25 дана 79 дана 36 дана 25 тонна 178 қума метр