О внесении изменения в постановление акимата от 7 апреля 2010 года № 95 "Об определении целевых групп населения, проживающих на административной территории Алтынсаринского района на 2010 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 95 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтар 2001 жылғы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2010 жылға арналған Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 95 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде № 9-5-105 болып тіркелген, 2010 жылдың 22 сәуіріндегі "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған) мемлекеттік тілдегі қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасындағы 11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛIСIЛДI: "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы __________________ Э. Құсайынова