О внесении изменения в постановление акимата от 7 февраля 2011 года № 45 "Об организации оплачиваемых общественных работ в Узункольском районе на 2011 год" Қолданыста
Басқа 0
"2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2011 жылға арналған Ұзынкөл ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 45 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-148 тіркелген, 2011 жылғы 3 наурызда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында "Жұмыс көлемі" бағанында "19050" деген сандар "152400" деген сандарға ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
__________________ Қ.Ержанов