О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2012 года № 1564 "Об утверждении Правил и натуральных норм обеспечения продовольствием отдельных категорий сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан с учетом особенностей прохождения службы" и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2012 года № 1205 "Об утверждении размера денежной компенсации курсантам первых и вторых курсов специальны Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгерістер енгізу және «Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары мен заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»;
Тармақша 2
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
Тармақша 3
3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.»;
Тармақша 4
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен бейбіт уақытта қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.».
Тармақ 2
2. «Арнаулы (әскери) оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошталық жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 1205 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1033-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.