О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 7 июня 2012 года № 237 "Об утверждении Типового положения о жилищных комиссиях местных исполнительных органов, государственных предприятий, государственных учреждений" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7785 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда № 282-283 (27101-27102) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережеде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді: уәкілетті органның бірінші басшысы (орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда); жауапты хатшы (орталық мемлекеттік органдарда); уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары (жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда); заң қызметінің басшысы (болған жағдайда); қаржы қызметінің басшысы; кадр қызметінің басшы; Тұрғын үй комиссиясының хатшысы; кәсіподақ ұйымының өкілдері (болған жағдайда); уәкілетті орган қызметкерлерінің ішінен өкілдер.». 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй комиссиясын - уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады. Орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын жауапты хатшы басқарады. Жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық мемлекеттік органдарда Тұрғын үй комиссиясын уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасарлары басқарады.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілігіне қарай өткізетін орталық мемлекеттік органдарды қоспағанда, дауыс беру құқығы бар барлық мүшелер болған кезде айына кемінде бір рет отырыс өткізеді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.