О внесении изменений в решение районного маслихата от 7 февраля 2012 года № 24 "Об оказании дополнительной социальной помощи социально-уязвимым категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 7 февраля 2012 года № 24 "Об оказании дополнительной социальной помощи социально-уязвимым категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 "Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 07.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2014 AI67139_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CL000155
- ЭКБ идентификаторы
- 67139
- Редакция идентификаторы
- AI67139_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:38
0 Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 "Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 24 «Азаматтардың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-146 тіркелген, 2012 жылдың 1 наурызында аудандық «Хромтау» газетінің № 10 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасындағы «әскер мүгедектеріне» деген сөздер «әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«Халықаралық балаларды қорғау күніне кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына 20 мың теңге»;
2 тармақтың 2) тармақшасындағы «5 мың теңге» деген сөздер «10 мың теңге» сөздермен ауыстырылсын;
2 тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын.