О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 7 июня 2012 года № 315 «Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінің № 598-602 (27675) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы №____
бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – қозғалысты ұйымдастыру) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Қозғалысты ұйымдастыру кезінде, қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі.
Қозғалысты ұйымдастырудың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жаз мезгілінде:
Тармақша 1
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
Тармақша 3
3) тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
Тармақша 4
4) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
Тармақша 5
5) өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
Тармақша 6
6) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
Тармақша 7
7) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер таратылмайды.
Тармақ 2
2. Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.
Басқа 1.1. Жазғы кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
1-қосымша
Жазғы кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысы
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысы
Тармақша 4
4) Батыс Қазақстан облысы
Тармақша 5
5) Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы)
Тармақша 6
6) Қостанай облысы
Тармақша 7
7) Павлодар облысы
Тармақша 8
8) Солтүстік Қазақстан облысы
Тиісті жылдың 1 маусымынан 31тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
Тармақша 1
1) Алматы облысы
Тармақша 2
2) Атырау облысы
Тармақша 3
3) Жамбыл облысы
Тармақша 4
4) Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)
Тармақша 5
5) Қызылорда облысы
Тармақша 6
6) Маңғыстау облысы
Тармақша 7
7) Түркістан облысы
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
2-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі
Р/с №
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы
Жалпы ұзақтығы,
км
Учаскенің басы,
км
Учаскенің соңы, км
1
2
3
4
5
6
1
А-1
Нұр-Сұлтан- Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы
128
68
196
Басқа 1.3. Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
3-қосымша
Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы
Жеке біліктің жүктемесі, тонна
Білік арасындағы арақашықтық, м
Жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің, тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна
Қосалқы білік
Үштік білік
үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме
8
1 метрге дейін
10
14,4
4,8
1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін
12,0
16,8
5,6
1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін
13,2
19,2
6,4
1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін
14,4
21,6
7,2
Ескертпе: автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11009 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.