О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 7 декабря 2012 года №10-9 «Об определении порядка оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам направленных для работы в сельскую местность Жамбылской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Жамбыл облысының ауылдық
жерлеріне жұмыс істеуге жолданған
медицина және фармацевтика
қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау
көрсетудің тәртібін айқындау туралы»
Жамбыл облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№10-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1873 болып тіркелген, 2013 жылдың 12 қаңтарында №3 (17691) «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасына сәйкес ақындалған Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібінің:
6 тармағындағы «300 000 (үш жүз мың)» деген сандар мен сөздер «800 000 (сегіз жүз мың)» деген сандар мен сөздерге ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет-ресурстарында жариялау Жамбыл облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істерімен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.