О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 1060 «Об утверждении перечня концессионных проектов особой значимости» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: « Атауы 1 2 1. Жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері 2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер 1. «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану 2. «Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және пайдалану» ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.