О внесении изменений в решение Байзакского районного маслихата от 7 марта 2014 года № 26-2 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям Күшін жойған
Басқа 0
«Байзақ ауданы бойынша аз
қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету Қағидаларын бекіту туралы»
Байзақ аудандық мәслихатының
2014 жылғы 7 наурыздағы №26-2
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. «Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы №26-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде №2137 болып тіркелген, 2014 жылдың 26 наурызында №29 (8163) «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетіне жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
13 тармақта
3) тармақшада:
«7,88» сандары «7,74» сандарымен ауыстырылсын;
«22» сандары «24,4» сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.