Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Бұйрық · № 237 · қабылданған 13.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/7-2014-no-42-ekb-122617/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов» Қолданыста Бұйрық ·№ 237 ·13.06.2018
13.06.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 237 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан» и его территориальных органов»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237
Қабылданған күні
13.06.2018
Көрсетілген редакция
13.06.2018 122617_332617.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18JVM00237
ЭКБ идентификаторы
122617
Редакция идентификаторы
122617_332617
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:06

0

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
14 - тармақта:
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) мерзiмдер мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;»;
53) тармақша алып тасталсын;
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Комитеттің төрағасы жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Комитет төрағасының орынбасарлары болады.»;
19 - тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Төрағаның орынбасарларын, Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шарты негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды және еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Төрағаның орынбасарларын және Комитеттің аумақтық органдарының басшыларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Төрағаның орынбасарларын, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшылардың орынбасарларын қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлерін;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитетте жүзеге асыратын адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Комитеттің аумақтық органы басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Комитеттің аумақтық органының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Комитеттің аумақтық органдарында жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру туралы мәселелерді шешеді;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органы – аумақтық департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тиісті облыс, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение «Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы».»;
15-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) мерзiмдер мен орындалуына жауапты адамдар көрсетілген, сондай-ақ электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ және электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтпеген персоналды жұмыстан шеттету туралы белгіленген үлгiдегi нұсқама бередi;»;
17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Департамент басшылығын Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Департамент басшысының штаттық кестеде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасары болады.»;
20-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарды;
еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, еңбек демалысын беру, іссапарға жіберу және тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді, сондай-ақ еңбек шартын тоқтатуды жүзеге асырады;
4) Комитет төрағасына:
Департамент қызметкерлеріне;
техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және Департаменттің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдарға;
еңбек шартының негізінде қызметін Департаментте жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру туралы ұсыныс енгізеді;»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2 2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

3 3) осы бұйрықты оның қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы