О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 7 июля 2015 года № 383 «Об утверждении Инструкции по определению условий для исчисления выслуги лет летному составу Вооруженных Сил Республики Казахстан на льготных условиях при назначении пенсии» Күшін жойған
Басқа 0
«Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 383 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 383 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11901 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»;
Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жеңілдік жағдайларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ұшқыштар құрамының еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.