О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 7 августа 2015 года № 916/8 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Экибастуза» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы «Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» № 916/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1174 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 тамыздағы «Екібастұз қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4707 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте № 38 «Отарқа» және № 38 «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) № 916/8 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «2-1 - тармағына» сандары мен сөзі «5-тармағына» санымен және сөзімен ауыстырылсын; жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасындағы «коммерциялық» сөзі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.