О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 7 апреля 2016 года № 106/3 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» № 106/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» № 106/3 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген қаулының тақырыбында, 1-тармағында, 4-қосымшасының тақырыбында «Мәдениет» деген сөзден кейін «Архив ісі» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу; Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулыны орналастыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Қабылтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛЕСІЛДІ Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы __________ И.С. Теренченко 2026 жылғы « »