О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 7 апреля 2016 года № А-5/157 «Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств» Қолданыста
Басқа 0
«Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Профилактикасы және диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Акмола облысы әкімдігінің
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ А-5/221 қаулысына қосымша
Акмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ А-5/157 қаулысымен
бекітілген
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз (тері асты бөгелегі)
Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллезді іш тастау, эпизоотиялық лимфангит.