О внесении изменений в приказ Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан от 7 сентября 2016 года № 522 «Об утверждении положений Департаментов государственных доходов Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам республиканского значения и столицы и их территориальных органов» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы (бұдан әрі – БДБ) туралы ережеде: 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. БДБ БДБ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, БДБ Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет бюджетіне жіберіледі.»; 14-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық (цифрлық) жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, құру, иелену және пайдалану;»; 15-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «20) аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде тіркелген тауарларға арналған декларацияларға қатысты кедендік құнның, жеңілдіктер мен босатулар қолдану, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тауарларды жіктеудің дұрыстығына кедендік бақылауды жүзеге асырады;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (Д.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. БДБ басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін БДБ интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Персоналды басқару және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ш.А. Тобатаев) осы бұйрықты БДБ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.