О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года № 211 «Об утверждении Перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения Южно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года № 211 «Об утверждении Перечня объектов государственного природно-заповедного фонда местного значения Южно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 19.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2022 168192_576729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22U0028248
- ЭКБ идентификаторы
- 168192
- Редакция идентификаторы
- 168192_576729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:50
0 Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң «Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 7 тамыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4202 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
1 «1. Түркістан облысының жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігінің
орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
5 Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 мамырдағы
№ 98 қаулысына қосымша
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 211 қаулысына қосымша
Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар мемлекеттік
табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі
№
Объектілердің атауы
Жер көлемі, гектар
Мемлекеттік өңірлік табиғи парк
1
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі
119978,4
Мемлекеттік табиғат ескерткіштері
2
Боралдай
1000
3
Қошқарата
1000
4
Қошқарата өзенінің арнасы
634
5
Шұқыршақ
10
6
Тесік там
200
7
Састоғай
30
8
Бүргенді тоғай
30
9
«Сталактит» үңгірі
0,5
10
«Жесібай» Келтемашат көлі
0,5
11
Қызыл төбешік
20
12
Қошқорған палеонтологиялық табиғат ескерткіші
0,03