О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 7 августа 2017 года №211 «Об утверждении размера выплаты ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4893 тіркелген, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен құрылған ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» (Ә. Р. Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы №13 қаулысына қосымша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 қаулысына қосымша Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру және спорт саласына жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі болмаған жағдайда оның орнын алмастырады);
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Серік Кенжебекұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихат депутаты Рубцов Аркадий Анатольевич, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 6
6. «Әділет» - құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқару төрағасы Бисенғалиев Мұхит Мұханұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 7
7. «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Танабаева Жаннат Ізімбергенқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 8
8. Облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Есекенова Айгүл Оразқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 9
9. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 10
10. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 11
11. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі.
Тармақ 12
12. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы.