О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 февраля 2018 года № 136 «Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм в бюджет неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16423 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде: реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындауға сот қаулысы келіп түскен жағдайда) Сот үкімдері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалған айыппұлдар Сот өндіріп алатын мәжбүрлі төлемдер Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында сот отырысында процестік міндеттерді орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін сот салған ақшалай өндіріп алулар »; реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Республикалық меншіктегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар Мамандандырылған ұйымдарға ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Мамандандырылған ұйымдарға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер Жәбірленушілерге өтемақы қорына басқа да салықтық емес түсiмдер Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша республикалық бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар Мүлiктi жария еткенi үшiн алым »; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1- жолмен толықтырылсын: « 15-1 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Өзіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген және түзеу жұмыстары түрінде жаза тағайындалған сотталған адамнан ақшалай өндіріп алулар ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Э.Б. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Әділет министрі _______________ М. Бекетаев 201__ жылғы «___» _______ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _______________ Қ. Қасымов 201__ жылғы «___» _______