О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 февраля 2018 года № 136 «Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, за возврат из бюджета и (или) зачет излишне (ошибочно) уплаченных сумм в бюджет неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного капитала, трансфертов, сумм погашения бюджетных кредитов, от продажи финансовых активов государства, займов» Күшін жойған
Басқа 0
«Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы
136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16423 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алуға, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер
Тәркіленген мүлікті, «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы негізінде республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері
»;
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
13.
Жергілікті атқарушы орган
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану үшін оларды алған кезде ауыл шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
»;
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
16.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер
Мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер
»;
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатудан түсетін түсімдер
Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасының Үкіметі алатын қарыздар
Халықаралық қаржы ұйымдарынан Кредиттер
Шет мемлекеттерден кредиттер
Шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардан кредиттер
Сыртқы капитал рыноктарында орналыстырылған мемлекеттік борыштық міндеттемелер
Өзге де мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі