О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 февраля 2018 года № 136 «Об утверждении перечня уполномоченных органов, ответственных за взимание поступлений в республиканский бюджет, Национальный фонд Республики Казахстан, Фонд компенсации потерпевшим, Фонд поддержки инфраструктуры образования, Специальный государственный фонд, а также за возврат из бюджета, Национального фонда Республики Казахстан, Фонда компенсации потерпевшим, Фонда поддержки инфраструктуры образова Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 ақпандағы №136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордаң қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде: реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы »; реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квота көлемі резервін басқарудан және белгіленген мөлшер бірліктерін беруден түскен түсімдер Орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын пайдалану үшін алып қойған кезде орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі