О внесении изменений в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 7 декабря 2018 года № 21-8 «Об утверждении ставок платы за эмиссии в окружающую среду по Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5452 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы»; көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшiн төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.»; көрсетілген шешімнің қосымшасында: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері»; 1 -тармағының 1,2-жолдары жаңа редакцияда жазылсын: « 1 Күкірт оксидтері (SOx) 10 2 Азот оксидтері (Nox) 10 »; 1-тармағының 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын: « 9 Көміртегі монооксиді 0,16 »; 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 5
«5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № Қалдықтардыңтүрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1тонна үшін 1гигабеккерель (Гбк) үшін 1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: 1.1. Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар 1.1.1. қауіпті қалдықтар 4,005 1.1.2. қауіпсіз қалдықтар 0,53 1.2. Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: 1.2.1. Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) 0,19 1.2.2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): 1.2.2.1. аршынды жыныстар 0,002 1.2.2.2. жанасқан тау жыныстары 0,013 1.2.2.3. байыту қалдықтары 0,01 1.2.2.4. шлактар, шламдар 0,019 1.2.3. Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар 0,019 1.2.4. Күл мен күлшлактар 0,33 1.2.5. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы 0,001 1.2.6. Радиоактивті қалдықтар: 1.2.6.1. трансуранды 0,38 1.2.6.2. альфа-радиоактивті 0,19 1.2.6.3. бета-радиоактивті 0,02 1.2.6.4. шынақты радиоактивті көздер 0,19 ».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.