О внесении изменений в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 7 марта 2018 года № 24/18 «О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога по Кызылжарскому району» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 шешіміне (2018 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын: «Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»; көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; 1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 1
«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.