О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2019 года № ҚР ДСМ-92 «Об утверждении Перечня лекарственных средств любых форм, в том числе фармацевтических субстанций (активных фармацевтических субстанций), медицинских изделий, включая протезно-ортопедические изделия и сурдотифлотехнику, а также материалов и комплектующих для их производства, материалов, оборудования и комплектующих для их производства лекарственных средств любых форм, медицинских изделий, Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18829 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Сату жөніндегі айналымдары және импорты қосылған құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы». Осы бұйрықтың 1-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Импорты қосылған құн салығынан босатылған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесі бекітілсін.». көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Сату жөніндегі айналымдары құн салығынан босатылатын протездік-ортопедиялық бұйымдар мен сурдотифлотехниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды (активті фармацевтикалық субстанцияларды), медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтауыш заттардың тізбесінде: реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 78. 6602 00 000 0 Мүгедектігі бар адамдар мен зақымданған адамдарға арналған арнайы таяқтар » осы бұйрыққа 2-қосымшада: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Импорты қосылған құн салығынан босатылған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектігі бар адамдарға берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесі». реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын: « 71. 6602 00 000 0 Мүгедектігі бар адамдар мен зақымдары бар адамдарға арналған арнайы таяқтар »
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі