О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 7 октября 2020 года № 166 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения» Қолданыста
Басқа 0
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің
2020 жылғы 7 қазандағы №166 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы №166 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4310 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік Тізімінде:
реттік нөмірлері 22, 209, 210, 433, 543 жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 138-1, 206-1, 206-2, 394-1, 394-2, 394-3, 394-4, 394-5, 394-6, 422-1, 570-1, 570-2 жолдармен толықтырылсын:
«
138-1
Төремұрат батыр кесенесі, XX ғасыр
киелі объекті
Бейнеу ауылынан 25 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, Үстірттің батыс шың-кемеріндегі Күйкен тауының шығысында 3 шақырым жерде
206-1
Күйеу там, XVI – XVII ғасыр
киелі объекті
Сенек ауылынан 20 шақырым солтүстік-батыс бағытта, Шопан-ата қорымынан батыс жағындағы төбе жал үстінде
206-2
Темір баба некрополі XIII – XX ғасырлар
ансамбль мен кешен
Жаңаөзен қаласынан 85-90 шақырым оңтүстік бағытта орналасқан, Кендірлі демалыс аумағынан 27 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай
394-1
Шолы ана некрополі, (15 объект) ХІХ ғасыр
ансамбль мен кешен
Қызылсай ауылынан 17 шақырым солтүстік бағытта
394-2
Қыдырша ата некрополі, ХІХ - ХХ ғасырлар
ансамбль мен кешен
Төлеп селосынан 86 шақырым оңтүстік-шығыс бағытта, аласа жотада орналасқан
394-3
Қарақыз некрополі, (23 объект) ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасыр басы
ансамбль мен кешен
Бекі ауылынан 12 шақырым солтүстік бағытта
394-4
Құдайберген күмбезтамы,
ХХ ғасыр
қала құрылысы және сәулет
Шетпе ауылынан 23 шақырым солтүстік – солтүстік-шығыс бағытта
394-5
Қармыс батыр кесенесі, XX ғасыр
киелі объекті
Сайөтес ауылынан 47 шақырым шығыс бағыттағы Қыземшек қорымында орналасқан
394-6
Үлек некрополі, XV-XX ғасырлар
ансамбль мен кешен
Ақшымырау ауылынан 25 шақырым солтүстік-шығыс бағытта
422-1
«Песчаный» маягі, 1956 жыл
қала құрылысы және сәулет
Құрық ауылынан 30 шақырым батыс бағытта
570-1
Қазбайыр-2 некрополі,
(8 объект), XIV – XVІІ ғасырлар
ансамбль мен кешен
Таушық ауылынан 12 шақырым солтүстік-батыс бағытта
570-2
«Қызылөзен» маягі, ХХ ғасыр ортасы
қала құрылысы және сәулет
Қызылөзен ауылының батыс беткейінде
».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.