О внесении изменения в постановление акимата Туркестанской области от 7 декабря 2020 года № 247 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима Туркестанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 247 «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5934 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының Регламентінде: 11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 11
«11. Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.