О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 7 апреля 2023 года № 04 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области»» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының
2023 жылғы 7 сәуірдегі № 04 ««Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 04 ««Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді кадрлық мәселелер жөніндегі бас маман (бұдан әрі – бас маман), оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Бұл ретте бас маман ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам бекітетін бағалау кестесін құрастырады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.