О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 106 «Об утверждении стандарта оказания медицинской помощи в стационарозамещающих условиях в Республике Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында: жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 Бұйрыққа 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты»; көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген стандартқа 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген стандартқа 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін тоғызыншы қайта қараудың аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесенің кодтары бойынша операциялар мен манипуляциялар тізбесі мынадай мазмұндағы 551 және 552-жолдармен толықтырылсын: « 551 41.31 Сүйек кемігінің аспирациялық биопсиясы 552 41.98 Сүйек кемігінде басқа да манипуляциялар ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.