О внесении изменения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 207 «Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для лиц с инвалидностью» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32737 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 24 маусымдағы № 268 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығына 1-қосымша Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 107-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – жұмыс беруші еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыруға міндетті жұмыс орындарының ең аз саны;
Тармақша 4
4) жұмыс орындарын квоталау – жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын беруі;
Тармақша 5
5) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адам – тыныс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне алып келетін, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 7
7) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге жәрдемдесуді, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасын білдіретін цифрлық объектісі.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адам және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.
Тармақ 4
4. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің жылдық орташа санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі
Тармақ 5
5. Квота «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінде:
Тармақша 1
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;
Тармақша 2
2) аудандардағы, астанадағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы белсенді жұмыс берушілердің санының;
Тармақша 3
3) аудандардағы, астанадағы, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы жұмыс берушілердің жұмыскерлерінің тізімдік санының;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің бар жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;
Тармақша 5
5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдаудың;
Тармақша 6
6) мансап орталығында тіркелген мүгедектігі бар жұмыссыз адамдардың санының негізінде автоматты түрде қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Квота мынадай жұмыскерлердің тізімдік саны бар жұмыс берушілерге: елуден жүз адамға дейін – екі пайызы мөлшерінде; жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – үш пайызы мөлшерінде; екі жүз елу бірден артық адам – төрт пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Квота мөлшері еңбек шарттарының бірыңғай есепке алу жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының және «Төлемдерді өңдеу ұйымы» цифрлық жүйесінің деректеріне сәйкес Әлеуметтік кодекс пен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыскерлер үшін квота белгіленген күннің алдындағы соңғы 12 ай үшін жүргізілген әлеуметтік төлемдердің негізіндегі жұмыс берушінің жұмыскерлерінің тізімдік санына қарай белгіленеді.
Тармақ 8
8. Заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда квотаны түзету уәкілетті органның цифрлық жүйесіне тиісті мәліметтер енгізілген күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 5, 6 тармақтарына сәйкес қалыптастырылған жұмыс берушілердің тізбесі мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленген жұмыс берушілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органға «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінде квота белгілеудің алдындағы жылдың 1 желтоқсанына қарай қолжетімді.
Тармақ 10
10. Квота белгіленетін жылдың 1 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің атауын және белгіленген квотаның мөлшерін көрсете отырып, Тізбені бекітеді.
Тармақ 11
11. Тізбеге енгізілген кезде жұмыс берушінің Электрондық еңбек биржадағы жеке кабинетіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жіберіледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті атқарушы орган квота белгіленетін жылдың 10 қаңтарына дейін Электрондық еңбек биржасында Тізбеге енген жұмыс берушілердің тізімін жариялайды.
Тармақ 13
13. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы белгіленген квота шеңберінде жұмыс орындарының санын, кәсібін, еңбек жағдайларын және бір айдағы еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындары туралы ақпаратты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мансап орталығына жібереді.
Тармақ 14
14. Квотаны орындау еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген негізгі жұмыс орны бойынша еңбек шартының болуымен расталған жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруы және әлеуметтік төлемдердің аударылуы негізінде мүгедектігі бар адамдардың нақты жұмыспен қамтылуы болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың іс жүзінде жұмыспен қамтылуы күнтізбелік жыл ішінде мүгедектігі бар адамның жұмыс берушіде жұмыспен қамтылу айларының қосындысы ретінде айқындалады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 5-күніне автоматты түрде қалыптастырылады.
Басқа 1.1. Мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына 1-қосымша Мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген жұмыс орындарының квотасы туралы хабарлама Құрметті _________________________________________! (жұмыс берушінің атауы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Сіздің ұйымыңыз үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін __ бірлік квота белгіленгені туралы хабардар етеді. Ынтымақтастық үшін рахмет!
Басқа 1.2. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталанатын жұмыс орындары туралы ақпарат
Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына 2-қосымша Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталанатын жұмыс орындары туралы ақпарат 1. Жалпы ақпарат (мемлекеттік цифрлық жүйелерден автоматты түрде толтырылады) Жұмыс берушінің атауы ________________________________________ БСН/ЖСН ____________________________________________________ Облыс, аудан, қала _____________________________________________ Жұмыскерлердің тізімдік саны ___________________________________ Белгіленген жұмыс орындарының квотасы _________________________ Толтыруға арналған жұмыс орындарының саны _____________________ 2. Квоталанатын жұмыс орындарының тізбесі № Жұ­мыс ор­ны­ның ата­уы Орын­дар са­ны 3. Квоталанатын жұмыс орнының карточкасы (әрбір бос квоталанатын жұмыс орны үшін толтырылады) Лауазымның атауы ______________________________________________ Құрылымдық бөлімше ___________________________________________ Негізгі еңбек функциялары ________________________________________ Жұмыс орындарының саны ________________________________________ Жұмыс орнының нақты мекенжайы __ ______________________________ 3.1. Еңбек жағдайлары Жұмыс түрі ______________________________________________________ Жұмыс режимі ____________________________________________________ Қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі ________________________________ 3.2 Дене жүктемесі Дене жүктемесі деңгейі ______________________________________________ Ұзақ мерзімді жай-күйі қажет _________________________________________ Ауырлықты жылжыту (көтеру) қажет ___________________________________ 3.3 Жұмыс орнының қолжетімділігі Жұмыс орны мынадай адамдар үшін қол жетімді Есту қабілеті бұзылған __________________________________________ Көру қабілеті бұзылған ______________________________ Тірек-қимыл аппараты бұзылған __________________________________ 3.4 Жұмыс орнын бейімдеу Жұмыс орны мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастыруға дайын ____________________ Бейімделу қажет ______________________________________________ Бейімделу түрі ______________________________________________________ Мансап орталығының кеңесі қажет ______________________________________ 3.5 жоспарланған жалақы Еңбекақы мөлшері ____________________________________________________ 4. Жұмыс орындарын толтыру мерзімі Жұмыскерді бірден қабылдауға дайын болу ______________________________ 5. Байланыс тұлғасы ______________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________ Телефон __ _______ ____________________________________________ Email ___________________________________________________________ Жұмыс берушінің эдектрондық цифрлық қолтаңбасы Күні: 20__ жылғы «___» _________