О внесении изменений в постановление акимата города от 7 апреля 2023 года № 262 «Об утверждении Правил компенсации собственниками квартир, нежилых помещений, затрат, связанных с ремонтом и заменой лифтов, капитальным ремонтом многоквартирного жилого дома в городе Семей» Қолданыста
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 «Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй -жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің «Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй -жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 262 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43-18 болып тіркелген), (әкімдіктің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 329 қаулысымен енгізілген өзгерістермен), келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген қосымшаға осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. «Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Т. Шаяхметова) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Рустам Ерболович Айткуловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 5. «Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің
лифтілерді жөндеу және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі
жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларына енгізілетін
өзгерістер
Қала әкімдігінің
2026 жылғы «8» сәуірдегі
№ 439 қаулысына
қосымша
«Семей қаласында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің
лифтілерді жөндеу және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі
жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларына енгізілетін
өзгерістер
Тармақ 1
1. 1- тараудың 2)тармағында:
1) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
басқарушы компания - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй - жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақ 2
2. 2) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
дауыс беру - пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
Тармақ 3
3. 3) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
пәтерлер (тұрғын емес үй - жайлар) меншік иелерінің кооперативі - кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй - жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
Тармақ 4
4. 5) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі - жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
Тармақ 5
5. 11) тармақшада:
«шатырлар,» деген сөзден кейін «кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар,)» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 6
6. 14) тармақша алынып тасталсын;
Тармақ 7
7. 17) тармақша келесідей редакцияда жазылсын:
жинақтаушы жарналар - пәтерлер, тұрғын емес үй - жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақ 8
8. 3) тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалар Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, реконструкциялау, қабырғаларын, шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеу шараларына бөлінген, жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын қаржыландыруға қолданылмайды.»;
Тармақ 9
9. 4) тармақшада:
«үй - жайлардан» деген сөздерден кейін «орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 10
10. 5 - тармақта:
«үй - жайлардан» деген сөздерден кейін «орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 11
11. 2 - тараудың 7 - тармағында:
«42-1 тармағымен» деген сөз бен сандар «42 тармағымен» сөзімен және санымен ауыстырылсын;
Тармақ 12
12. «үйдің» сөзінен кейін «немесе басқару субъектісі» деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 13
13. 8 - тармақта:
«42-2 тармағымен» деген сөз бен сандар «42 - тармағымен» сөзімен және санымен ауыстырылсын;
Тармақ 14
14. 10 - тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 15
15. 3 - тараудың 11 - тармағында:
«ТҮҚ және ТҮИ» сөздері «Бағдарлама әкімшісі» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақ 16
16. 4 - тараудың 17 - тармағында:
«жай серіктестіктің сенімді өкілі» деген сөздер «басқарушы, төраға,» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақ 17
17. 18 - тармақта:
«жай серіктестіктің сенімді өкілі» деген сөздер «басқарушы, төраға,» сөздерімен ауыстырылсын.