О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2024 года № 826 «О создании Высшей научно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 241-4-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы тұлғасындағы орынбасары болады.»; 3-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Ғылым және инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган ЖҒТК-ның жұмыс органы болып табылады.»; 5-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «15) мемлекеттік органдардың нысаналы технологиялық бағдарламаларды бекіту және салаларда технологиялық платформаларды ұйымдастыру бойынша бастамаларын қарау; 16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер болып табылады.»; 7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) төрағаның орынбасары;»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында: 3, 5, 17 және 40-тармақтар алып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Мәдениет және ақпарат министрі.»; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісу бойынша).»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.