О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) от 7 февраля 2025 года № 26 «Об утверждении перечня сведений, подлежащих опубликованию» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35710 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жариялануға жататын деректер тізбесі, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 27 желтоқсандағы № 216 Бұйрыққа қосымша Казакстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы № 26 бұйрыққа қосымша Жариялануға жататын мәліметтер тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның және оның жұбайының (зайыбының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
Тармақ 2
2. Кірістер мен мүлік туралы декларация табыс етілген есептік салық кезеңі. № р/с Жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтері Жариялануға жататын мәліметтер 1 2 3 1 Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістері туралы мәліметтер 1) жалпы сома; 2) кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда). Ескертпе:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар, осы тізбеде көрсетілген деректерді Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадр (персоналды басқару) қызметтеріне ұсынады.
Тармақ 2
2. Жариялануға жататын деректер Қазақстан Республикасы Парламенті мен Жоғарғы Соты, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кадрлық (персоналды басқару) қызметтері арқылы олардың ресми интернет-ресурстарында есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей орналастырылады. Осы тізімде көзделген кірістер болмаған жағдайда, аталған мәліметтерді жариялау жүзеге асырылмайды.