О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 7 ноября 2025 года № 481 «Об утверждении технического регламента «Требования безопасности высоковольтного оборудования»» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
««Жоғары вольтті жабдықтардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 481 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. ««Жоғары вольтті жабдықтардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 481 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін: 4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі