О внесении изменения и дополнения в решение областного маслихата С-7-6 от 12 апреля 2001 года «Об утверждении схемы управления областью» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі №С-7-6 “Облысты басқару схемасын бекіту туралы” шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 10.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес және облыс әкімінің 2002 жылғы 16 қазандағы № 77 «Ақмола облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесінің құру туралы» шешімі мен 2002 жылғы 11 желтоқсандағы № 1-02-32/1577 ұсынысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-6 «Облысты басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне төмендегідей толықтыру енгізілсін: облыстық басқару схемасының облыстық бюджеттен қаржыландыру бөліміне «Ақмола облысының ішкі саясат департаменті» енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 12 сәуірдегі № С-7-6 шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа мазмұнда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімі Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық Мәслихаттың 19.12.2002 ж. № С-22-10 шешіміне қосымша Ақмола облысының басқару СХЕМАСЫ
Басқа 5
Облыстық Мәслихаттың 19.12.2002 ж. № С-22-10 шешіміне қосымша Ақмола облысының басқару СХЕМАСЫ