Алғабас ауылындағы Октябрдің 70 жылдық көшесіне Шынболат Ділдебаевтың есімін беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алғабас ауылындағы Октябрдің 70 жылдық көшесіне Шынболат Ділдебаевтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Алғабас ауылындағы Октябрьдің 70 жылдық көшесіне Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ақын, жыршы-термеші, сазгер Шынболат Ділдебаевтың есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ахметова Аманкүлге жүктелсін.