О доподнительных мерах по реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 7.08.1997 г. № 1238 "О мерах по усилению защиты прав потребителей в Республике Казахстан" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы «Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы» № 1238 Қаулысын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімінің 06.12.2004 № 12 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 7 тамыздағы "Қазақстан Республиасында тұтынушылар құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы» № 1238 қаулысын және тұтынушылар құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін нақтылы жүзеге асыру, тұтынушылардың өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында деректер банкін құру мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Облыстық ішкі нарығын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясы құрылсын. (1 қосымша)
Тармақ 2
2. Облыстың ішкі нарығында тұтынушылар құқықтарының қорғалу жағдайы тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын Ведомствоаралық кеңестің құрамына кіретін мемлекеттік басқарушы органдарының есептері негізінде ай сайын қаралсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитеті (И. Ғабдолла): - тұтынушылар құқықтарын қорғайтын заңдылықтардың сақталуын қадағалайтын барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, олардың өзара қатынасын, қызметі мен өкілетлігін айқын анықтау, жұмыс мәселелерін арттыру, түрлі мекемелерде тұтынушылар құқықтарын қорғайтын заңдылықтардың бұзылу деректерін кезең-кезеңмен түзетілуін белгілеу; - тұтынушылар құқықтарын қорғайтын ведомствоаралық кеңестің маңызын арттыру, ведомстволар мен басқармалардың осы істе нәтижелі ынтымақтас бірлесіп тексеру жүргізу тұтынушылар құқықтарын қорғайтын ведомствоаралық кеңестің мәліметтерін қортындылау, мақсаты мен проблемаларды анықтау, ортақ ұсыныстар енгізу) қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы (М. Өтегенов), облыстық статистика және талдау басқармасы (А. Мұқаев), "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы "Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорны (Т. Бисембаев), Ақтөбе облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы (Е. Оңайбаев), республикалық "Дәрі-дәрмек мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалы (К. Оразгалиев), Ақтөбе облыстық мал дәрігерлік комитеті (Қ. Сабырғалиев) және Ақтөбе облысы бойынша шекара мен көліктерде мал дәрігерлік қадағалау (Ж. Иманқұлов) және облыс бойынша тұтыну қызметімен, рыноктарды тауарлармен қамтамасыз ету, олардың сапасы жөнінде және тұтынушылар құқықтарының, бұзылу деректерінің жинақ қорын (банк) жасақтау және бұл жөнінде, жүйелі турде ақпарат алмасуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорнының жанынан ақпарат қызметін атқаратын - тұтынушылар құқықтарын қорғайтын Ведомствоаралық кеңестің жұмыс органын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитетінің (И. Ғабдолла) ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 6
6. "Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы" Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорнының директоры (М. Бисембаев) мекеменің штат санының есебінен көрсетілген шешенді мәселелерді орындаушы қызметкерді белгілеуі ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері өз сауда орындарына жіберілетін тауарлар тізімі мен сауда орындарының әкімшіліктерінің белгіленген "сауда тәртібін" орындауларын қадағалау схемасын дайындасын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е. И. Иманқұловқа жүктелсін.
Басқа 9
№ 1 қосымша облыс әкімінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 186 шешімімен бекітілді Облыстың ішкі нарығын қорғау жөніндегі облыстық, комиссияның құрамының тізімі Е. И. Иманқулов - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы И. Ғ. Ғабдолла - Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары Мүшелері: С. М. Қалдығұлова - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Е. Ж. Имантаев - Облыстық салық комитетінің бастығы Е. Ж. Оңайбаев - Ақтөбе облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының бастығы Ж. И. Иманқұлов - Ақтөбе облысы бойынша шекарамен көлітерде мал дәрігерлік қадағалау бастығы И. А. Фабриков - Ақтөбе облысы бойынша шекара мен көліктерді фитосанитарлық қадағалау бастығы Т. Б. Бисембаев - «Стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» Ақтөбе мемлекеттік кәсіпорынының директоры А. Д. Мұқаев - Облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы Қ. Сабырғалиев - Ақтөбе облыстық мал дәрігерлік комитетінің бастығы