Об изменениях и дополнениях в Приказ ТК РК от 7.12.95 г. N 193-П "О таможенном сопровождении" Күшін жойған
Басқа 0
ҚР МК-нiң 7.12.95 N 193-П "Кедендiк жолдамалау туралы" бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 266, Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 152 бұйрықтарымен.
Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк жолдамалауды ұйымдастыруды жетiлдiру, сондай-ақ тауарлардың жеткiзiлуiне кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П "Кедендiк жолдамалау туралы ережесiне" төмендегiдей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- 1.6-тармақтың 3-абзацындағы "заңды" сөзi алынып тасталсын;
1.6-тармақтың 4-абзацы төмендегiдей редакцияда баяндалсын:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын ұйымдастыруды дамыту мен жетiлдiру шаралары туралы" қаулысымен бекiтiлген 2-қосымшаның талаптарын бұзатын көлемi сай емес тiркемелер мен жартылай тiркемелер көлiк жабдықтары ретiнде саналатын жағдайларды қоспағанда "көлiк құралдары - автомобильдердiң тiркеп сүйретуiне арналған, жол қозғалысына бiр бүтiн ретiнде қатысатын және халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалдау iсiнде пайдаланылатын тiркемелердi, жартылай тiркемелердi қосқандағы автокөлiк құралдары"
2.2-тармақтың 3-абзацы төмендегiдей редакцияда баяндалсын:
"тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияланатын тауарлар, әкелiнуiне өзге мемлекеттiк органдардың рұқсаты талап етiлетiн тауарлар, кеден баждары мен салықтары салынатын тауарлар)";
- 7.1-тармағына "1.6-тармақтың 4-абзацында көрсетiлген көлемi сай емес тiркемелер немесе жартылай тiркемелердi жолдамалау үшiн жеке көлiк құралындай кеден алымдары алынады" абзацы қосылсын.
Тармақ 2
2. Жабдықталған көлiк құралы мен кеден органының түпнұсқадағы кепiлдiк мiндеттемесi бар болатын кезде акцизделетiн тауарлардан, лицензияланатын тауарлардан басқа тауарларды кедендiк жолдамалау жүзеге асырылмасын.
Тармақ 3
3. Кедендiк жүктердi кеден тасымалдаушысы жолдамалап жүрмейтiн болса, жолдамалауға жолдамалау үшiн кеден алымдары алына отырып осы көлiк құралдары пайдаланылсын.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру басқармасы (Сейтенова Н.С.) кеден басқармалары мен кедендердiң кедендiк жолдамалаумен шұғылданатын қызметкерлерiнiң iссапарлық шығындарын төлеуiне, жүктердi жолдамалайтын автомобильдерге жанар-жағар май мен оларға техникалық қызмет көрсетуiне ақша қаражатын дер
кезiнде бөлсiн.
Тармақ 5
5. ҚР МК-нiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 236-П Бұйрығының және ҚР
МК-нiң 1997 жылғы 28 наурыздағы N 74-П Бұйрығының күшi жойылған болып
есептелсiн.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының орынбасары В.Д.Кирдановқа жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
Бұйрық Қазақстан Республикасы кеден органдарының күллi жеке құрамына
хабарлансын.